Қанат Бейсекеев «Билегім келеді» деректі фильмін ұсынды
Режиссер Қанат Бейсекеев «Билегім келеді» деректі фильмін шығарды. Жаңа картинаның кейіпкері биші Дима Ким болды. Ол ешқандай қиындықтарға қарамастан, өз арманынан – биден бас тарпайды.
«Мен Дима Ким жөнінде аяқ асты білдім. Оның алдында маған Диманың профаилын бірнеше рет жіберген еді. Профайлда Лос-Анджелесте тұратын бақытты бишіні көрдім. Шынымды айтсам, маған не үшін оны жібергенін түсінбедім. Бірақ, бірнеше күннен соң сол бала туралы қағаздарға қайтадан көзім түсті. Сол кезден бастап қызыға бастадым. Тіпті, ұйықтай да алмадым. Көп ойландым. Түсіргім келді. Сонымен, бірнеше күннен кейін Лос-Анджелеске ұшып кеттім. Осы жобаға қатысты маған көмектескен жандардың барлығына алғысымды білдіремін»,-деп жазған Қанат Бейсекеев өзінің Facebook-тегі парақшасына.
Дима Ким өмір бойы бимен айналысып келеді. 17 жасында қабілетін шыңдау үшін Ресейге барған, ал бір жыл бұрын Америкаға аттанады.
«Билегім келеді» фильмінен көрініс
Өзінің айтуынша, Дима Түрксіб ауданынан шыққан баланың өмірден өз орнын таба алатынын дәлелдегісі келген. Алайда, бишінің керемет жоспары 2017 жылдың қаңтар айында күл-талқан болды. Қайғылы жағдайдың салдарынан оның сол аяғын кесіп тастайды.
Фильммен бүкіл топ жұмыс істеді, олардың ішінде екінші оператор Денис Земцов, дыбыс режиссері Илья Коробейников, монтаждаушы Айзатулла Хуссейн, түстерді әрлеуші Ерлан Танаев бар.
«Билегім келеді» фильмі желіде бір күннің ішінде 19 мыңнан астам көрсетілім мен 200-ден астам пікірлерге ие болған.
1 пікір
Пікір қалдыру үшін
Мырзахмет
24 шілде 2017, 13:14Это ну как сказать, Youtube Нам в этом помогает