Канат Бейсекеев «Bibissara» атты жаңа деректі фильм түсірді
Отандық режиссер Қанат Бейсекеев желіге «Bibissara» деректі фильмін жүктеді. Жаңа кинотуындының кейіпкері - Нью-Йоркте тұрып, жұмыс істейтін қазақстандық сәнбике Бибісара Шәріпова.
«Мен өткен жылдың күз мезгілінде Нью-Йоркте Бибісара Шәріповамен таныстым. Біз жәй ғана әңгімелестік, ол маған өте қызықты бойжеткен болып көрінді. Бастапқыда оның оқиғасын түсіремін деп ойламаған едім. Алайда, біздің таныстығымыздан кейін мен оны келесі жұмысымның кейіпкері ретінде көрдім. Бұл кіші көлемді фильмнің идеясы Нью-Йорктегі, яғни өз маманының үздіктері жан-жақтан келіп жұмыс істейтін қалалардағы сәнбикелердің өмірінің бэкстейджін көрсету болды. Мен осынау мықты бәсекелестердің ортасында Қазақстаннан келген сәнбикелердің өмірін білгім келді»,-деп бөлісті Қанат Бейсекеев өзінің Facebook парақшасында.
Қанат Бейсекеев пен Бибісара Шәріпова
Режиссер көрермендерді Astana Banki-мен бірлесіп түсірген қызықты кейіпкері бар тағы да бір фильм күтіп тұрғанын мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетсек, Қанат Бейсекеев АҚШ-тағы қазақстандықтар туралы танымал деректі фильмдер топтамасын түсірген. Ал жыл басында америкалықтар асырап алған Қазақстан балалары туралы «Bala» жобасының тұсауын кескен болатын.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін