«Таиландтағы демалыс» Бішкекте көрсетілді
Бүгін, 21 ақпан күні Бішкекте «Таиландтағы демалыс» отандық комедиясының жабық көрсетілімі болды. Картинаны шетелдік көрерменге режиссер Ален Ниязбеков таныстырды. Фильм ертеңнен бастап Қырғызстан кинотеатрларынан көрсетілмек.
«Таиландтағы демалыс» шытырман оқиғалы фильмі пәтер сатып ала алмай жүрген тарих пәнінің ұстазы және қыстық демалыста жатақханада қалып қойған студенттер Ермек пен Дәурен туралы баяндайды. Бір күні профессор балаларды кешкі асқа шақырады. Бірақ, кейіпкерлердің ешқайсысы бірнеше сағаттан соң Таиландқа тап болатынын сезбеген еді.
.jpg)
Бас продюсер әрі басты рөлдердің бірін сомдаушы - Нұрлан Қоянбаев. Фильм актерлары: Қуаныш Жылжақсынов, Дидар Жексеков, Жанел Мақажан, Газрет Ержанов, Мәдина мен Медина Тәліпбек және Диора Романова.
«Таиландтағы демалыс» таспасы отандық айналымға биылғы жылы 14 ақпанда шыққан болатын.
Фильмнің тұсаукесерлі көрсетілімдері Астана мен Алматыда өтті.
.jpg)






1 пікір
Пікір қалдыру үшін
Мадина
21 февраля 2018, 18:37Молодцы! Отличный фильм!