È

Карина Жұмалиева «Көне жетіген» хикаясында басты кейіпкерді сомдайды

Карина Жұмалиева «Көне жетіген» хикаясында басты кейіпкерді сомдайды

«САҚ» киностудиясы «Көне жетіген» атты шытырман оқиғалы хикаясының түсірілімін жалғастыруда. Сюжет бойынша Самал достарымен бірге киқырлы көне жетігеннің асықтарын іздеу үшін ел аралап, саяхатқа шығады. Авторлардың айтуы бойынша, көрермендерді ерекше жағдайларға толы қызықты оқиғалар күтіп түрған көрінеді.

Басты кейіпкер Самалдың рөлін жас актриса Карина Жұмалиева сомдайды. Оның фильмографиясында «Қала аңыздары 2» және «Қарлығаш» хикаяларындағы, сондай-ақ Қанағат Мұстафинның «Ең сұлу қыз» және Нариман Төребаевтың «Үш апат» фильмдеріндегі кішігірім рөлдері бар. Бойжеткен «Көне жетіген» хикаясындағы рөліне барлығы секілді кастинг арқылы қол жеткізген.

«Көне жетіген» хикаясының түсірілімінен сурет

«Маған «Қазақфильмнің» кастинг-директоры хабарласып, киносынамаға қатысуға шақырды. Киностудияға келіп, аталмыш жобаның режиссёрімен таныстым да, бейнесынама жаздым. Шынымды айтсам, кастингтен өтемін деп ойламадым. Самал – қалаған нәрсесінің барлығына қулықпен қол жеткізетін ауыр мінезді қыз. Түсірілім барысында еске сақтап қалатын жағдайлар көп болды. түсірілім кезінде үш рет жыландарға жолықтым, мен олардан қатты қорқамын. Ал Арыстан-бабта мені кене шағып алды, қуанышқа орай әйтеуір, барлығы жақсы болды. Сондай-ақ, таулы мұзды өзенде түсірілім болды. Жалпы, актерлік саланың барлық қиындықтарын осы жобада өткерген сияқтымын»,-деп бөлісті актриса.

Каринамен қатар, түсірілімдегі қиындықтарды жас актерлар Бақдәулет Әлімхан мен Айдар Лекскенов сезінген. Екеуі де Самалдың достарын ойнайды.

«Көне жетіген» хикаясының түсірілімінен сурет

«Менің әріптестермен жолым болды, олар өте көңілді жігіттер. Әрине, бастапқыда бірден тіл табысып кету қиын еді, бір-бірімізді танымадық, сондықтан образға ену оңай болмады. Бірақ, 24 сағат бірге болғандықтан, жақындай түстік. Қазір, бір-бірімізбен жүз жылдан бері араласып келе жатқан сияқтымыз. Түсірілім тобы өте ұйымшыл. Мен аталмыш жобаға тап болғаным ақуанамын»,-дейді Карина.

Еске сала кетсек, хикая түсірілімі биылғы жылдың мамырында басталған болатын. 15 бөлімнен тұратын хикаяның режиссері әрі продюсері - Нұриддин Патеев. Оның сөзінше, «Көне жетіген» хикаясы 2017 жылдың желтоқсан айына дейін түсіріледі.

Хикаяның қашан және қай арнадан көрсетілетіні әзірге белгісіз.

Суреттер Карина Жұмалиеваның Instagram-дағы @karinaamusic парақшасынан алынды

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Рашид Хайруллин

14 қазан 2017, 18:56

Симпатичная девушка

Таныс бейне

Ержан Жарылқасынұлы

Актер

Әмір Қарақұлов

Режиссер