È

Қарлығаш Мұхамеджанова: «Отандық хикаялардың айтарлықтай ерекшелігі жоқ»

Қарлығаш Мұхамеджанова: «Отандық хикаялардың айтарлықтай ерекшелігі жоқ»

Қарлығаш Мұхамеджанова «Қазақ хандығы» хикаясының екінші маусымына түседі, жоба «Алтын тақ» атауына ие болды. Тарихи драманың режиссері бірінші маусымды түсірген Рүстем Әбдірашев болмақ.

«Еліміздегі актерлар бір жобаға түскеннен гөрі, көп күтеді. Мен хикаяларға түскенді аса ұнатпаймын, себебі отандық өнімдерімізде ерекшелік жоқ. Тек «Қазақ хандығын» айтпағанда... Бірақ, біз бұл туындыны көпсериялы фильм ретінде қабылдаймыз»,-дейді актриса.

Жоба жалғасының түсірілімі Алматы мен Жамбыл облыстарында және «Қазақфильм» киностудиясының арнайы салынған павильондарында өтеді. Хикаяның екінші маусымының біріншісінен айырмашылығы – бұл сегіз эпизодтан тұрады және Жәнібектің таққа отыруы мен оның басқару кезеңдерін бейнелейді.

«Қазақ хандығы. Алтын тақ» фильмінің түсірілімінен сурет

«Рөлге дайындалу барысында кейіпкерім Рәбияны зерттедім, образға жақсылап ену үшін тарихи әдебиеттерді, әсіресе Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясын оқыдым. Рәбияның образын елестеттім, бірақ ол тарихи кейіпкер болғандықтан, дәлме-дәл бейнелеуге тырыспадық. Режиссермен бірге бойжеткеннің мінезін аша алдым деп ойлаймын»,-деді Мұхамеджанова.

Хикаяның «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» атты бірінші маусымы биылғы жылдың мамыр айында көрсетіліп, көрермендердің көңілінен шыққан болатын.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер

Дидар Амантай

Сценарист

Досхан Жолжақсынов

Актер