È

«Қазақфильм» картиналары түрік телеарналарынан көрсетілмек

«Қазақфильм» картиналары түрік телеарналарынан көрсетілмек

TRT түрік телерадиокомпаниясы «Қазақфильм» киноөнімдерін көрсету құқығын иеленуге ниетті екенін білдірді. Іскерлік мақсатта корпорацияның Астанадағы өкілдігінің директоры Абдулхамит Авшар Алматыға келді. Қонақ «Қазақфильм» киностудиясына барып, қазақстандық картиналар каталогымен танысып қайтты.

Қазақстандық режиссерлардың жұмысын түркітілдес елдері фильмдерінің апта сайынғы көрсетілімі аясында TRT AVAZ арнасынан ұсынуды жоспарлап отыр. Абдулхамит Авшардың айтуынша, телекомпания басшылығы Қазақстанның тарихы мен мәдениетін сипаттайтын картиналарға қызығушылық танытып отыр.

«Қазақфильмнің» аудиовизуалды жобаларының жетекшісі Олжабай Мұсабеков өз кезегінде фильмдер ұсынуға дайын екенін жеткізді. Маманның айтуынша, 2009 жылға дейін түсірілген таспалар сәтті түрде цифрландырылды, сондықтан қажетті сапа мен форматта ұсыныла алады.

Айта кету керек, TRT телерадиокомпаниясы (Türkiye Radyo Televizyon Kurumu) 1964 жылы құрылған. Бүгінде корпорацияның ондаған арнайы телеарнасы, бірнеше аймақтық және халықаралық радиостанциясы бар. Сондай-ақ, TRT-ның Қазақстанмен қоса алғанда, көптеген елдерде өкілдігі бар және әлемнің 30 тілінде хабар таратады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер