È

ТМД мен Шығыс Еуропаның ірі қызметінде «Қазақфильм» картиналары пайда болмақ

ТМД мен Шығыс Еуропаның ірі қызметінде «Қазақфильм» картиналары пайда болмақ

«Қазақфильм» киноөнімдері ТМД мен Шығыс Еуропаның ең ірі бейнеқызметінде пайда болмақ. Ұлттық киностудия өзінің өндірген 100-ден аса фильмдері мен хикаяларын Megogo қызметіне беру туралы келісімге қол қойды. Қазақстандық картиналар 2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап онлайн түрде қол жетімді болады.

«Қазіргі таңда біздің аудиториямыз әлем бойынша ай сайын 50 миллион ерекше пайдаланушыны құрайды. Егер Қазақстан туралы айтар болсақ, бізді 2 миллиондай пайдаланушы көреді. Ақыры, ұзақ келіссөзден соң, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясымен керемет келісім-шарт орнаттық. Megogo ұлттық қазақстандық киноны бүкіл әлем аймағында көрсетуге мүмкіндік алды. Біз үшін жергілікті продакшн мен контентті көрсету өте маңызды», - деді бейнеқызметтің Орта Азиялық кеңсесінің бас директоры Нұрлан Чукубаев.

Киностудия Megogo-ға 148 ойын картинасын, деректі фильмдердің 1 топтамасын – «Мәдени мұра» мен «Астана, махаббатым менің» таспаларын ұсынды. Көпшілік көрерменге қазақстандық кинематографтың алтын топтамасы: «Біздің сүйікті дәрігер», «Менің атым Қожа», «Қыз-жігіт», «Тақиялы періште» және т.б. картиналар ұсынылады.

Келісім-шартқа сәйкес, контент ақылы түрде қол жетімді болады.

Еске сала кетсек, алдыңғы жолы «Қазақфильм» мұрағаты «Бродвей» кинопорталының онлайн-кинотеатрына қойылған болатын. Киностудия цифрланған 645 картина ұсынған.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Құралай Анарбекова

Актриса