Кассалық табыс: Белгісіздікпен кездесу
Өткен уик-энд киномандардың есінде қаларлықтай болды. Өйткені прокатқа көптен «Изгой-один. Звёздные войны. Истории» фильмі, Уилл Смит түскен «Призрачная красота» драмасы, қазақстандық «Пришельцы в ауле» фантастикасы шықты.
Қазақстандағы кассалық табыстың рейтингінде алғашқы орында «Изгой-один. Звёздные войны. Истории» фильмі. Шытырман оқиғалы атыс-шабыс фильмі 266 906 700 теңге пайда тауыпты. «Антология «Звёздных войн» циклінің жаңа сериалары 2015 жылы түсіріле бастаған. Ең үлкен декорация Бовингдондағы Мальдивы: алаңның ұзындығы – 213 метр, ені – 152 метр. Алаңға барлығы 2000 тонна құм, 60 пальма әкелінді.
Екінші орын «Моана» анимациясының еншісінде. Дисней әлемінің жаңа кейіпкерлері 217 424 650 теңге табыс әкелді. Мультфильм - полинезия мәдениетіне арналған екінші толық метр. Бірінші жоба - «Лило и Стич» (2002). Шытырман оқиғалы лентаның режиссерлері Джон Маскер мен Рон Клементс, олар анимацияның суретін салуға маманданған. Олардың бұған дейінгі жобалары: «Великий мышиный сыщик» (1986), «Русалочка» (1989), «Аладдин» (1992), «Геркулес» (1997), «Планета сокровищ» (2002) және «Принцесса и лягушка» (2009).

«Призрачная красота» фильмінен кадр
«Призрачная красота» драмасының тұсаукесерлік аптасы табысты болды деуге болады. Картинаның кассалық табысы 149 117 700 теңге. Басты кейіпкерлерді Хью Джекман немесе Джони Депп ойнауы мүмкін еді, бірақ актерлердің уақыт кестесі тығыз болды. нәтижесінде таңдау Уилл Смитке түсіпті. Сондай-ақ жобаға Рейчел МакАдамс пен Руни Маруды тарту да қарастырылған. О баста кинолентаның режиссерлері Альфонсо Гомес-Рехон болды, кейін оны Дэвид Фрэнкел ауыстырды, ол бұған дейін «Дьявол носит Prada» және «Марли и я» фильмдерін түсірген.
Басты рөлде Омар Си түскен «2+1» комедиялық драма 81 985 650 теңгені қоржынға салды. Негізгі ер адам рөліне үміткер таңдауда авторларда еш қиындық туған жоқ, ал жас актрисаны іздеуге бірнеше ай уақыт кеткен. Фильм авторлары ағылшын және француз тілдерінде еркін сөйлейтін метис қызды іздеген. Нәтижесінде рөл Глории Колстонға бұйырды. Режиссера Хьюг Желеннің айтуынша, ол «Невероятная жизнь Уолтера Митти» лентасынан және «Она» фильмінен шабыт алған.

«2+1» фильмінен кадр
«Фантастические твари и где они обитают» фильмі ондаған миллион жинауды жалғастыруда. Прокаттағы бесінші апта картинаға 36 633 000 теңге табыс әкелді.
Үздік бестікке кіре алмаған фильмдер қатарында ресейлік-қазақстандық әскери драма «28 панфиловшылар», кассалық табысы 24 904 600 теңге, «Тоқал» әлеуметтік драмасының табысы 23 148 360 теңге және «Гламур для дур» - 14 269 500 теңге.
Аутсайдерлер «Под покровом ночи» - 10 506 900 теңге, «Союзники» - 7 258 000 теңге және «Плохой Санта 2» - 2 306 800 теңге.
Прокаттағы жаңалық - қазақстандық фантастикалық комедия «Пришельцы в ауле» - 454 300 теңге жинады.
*Материал Rentrak жүйесі мен Ticketon.kz. деректері негізінде жасалды
Қазақстанда Rentrak Chaplin Cinemas кинотеатрлар жүйесіне қосылған.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін