È

«Қазақфильм» мемлекеттік қаржыландырудан айырылмақ

«Қазақфильм» мемлекеттік қаржыландырудан айырылмақ

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Мәжілісте «Кинематография туралы» заңды таныстырды. Жаңа заңның таныстырылымына отандық киноқайраткерлер мен сарапшылар қатысты. Бұл туралы ҚР Парламент Мәжілісі Аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.

«Кинематография туралы» жаңа заңға сәйкес, арнайы Мемлекеттік кино қоры құрылады, қор фильмдерді қаржыландыру сатысын, түсірілім кезеңін және олардың кинонарықтағы әрі қарайғы дамуын қадағалайтын болады. Ал Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ мемлекеттік қолдаудан айырылып, өз-өзін қаржыландыруға мәжбүр болады.

Мәжілісмендердің сөзінше, киноөндіріске салынған ақшаны қайтару мәселесі қаралып жатыр. Жыл сайын киностудияға бөлінетін 4 млрд. теңгенің 20%-ы ғана қазынаға қайтарылады.

Фото: parlam.kz

Арыстанбек Мұхамедиұлы өз кезегінде жаңа заң бойынша 100% қаржылай қолдауға әлеуметтік маңызы бар картиналар ғана ие бола алатынын, ал қалғандары жартылай ғана қаржыландырылатынын айтты. Мемлекеттік қаржыға түсірілген фильмдер кино қорына айналымнан түскен кірістің 20%-ын қайтаруға міндетті.

Сондай-ақ, министр киноайналым саласының біртекті мониторинг жүйесін құрып, кассалық жинақтың есебін ретке келтіру керектігін айта кетті.

 

Превью: voxpopuli.kz

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер