È

«Қазақфильм» Диснейленд бола алады

«Қазақфильм» Диснейленд бола алады

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Қазақфильм» киностудиясынан Диснейленд жасау туралы идеясын айтты. Аталмыш ойды «Тұлпар» екінші киножүлдесінде Қазақстан Ұлттық кинематографиялық өнері және Ғылым академиясының президенті Айман Мұсақожаева жеткізді деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Министрлік кинематографиялық өнерді жақсарту және дамыту жолдарын қарастырып жатыр,-дейді Айман Мұсақожаева. – Ең алдымен біз «Қазақфильм» студиясы туралы айтып отырмыз. Студияға қашан келсек те, әрдайым осыған қатысты жоспарлар құрылып жатады. Бүгін Арыстанбек Мұхамедиұлы америкалық Диснейленд тәжірибесіне сүйене отырып, киностудияны жаңғыртуға қатысты идеяны ұсынды. Яғни, Universal-дың Диснейленд студиясы фильмдер мен мультфильмдер қойылымы үшін және ойнамалы аттракциондар, мейрамханалар мен ойын-сауықтық орталықтары желісінің инфрақұрылымын жасау үшін құрылғанын білетін боларсыздар.

Айман Мұсақожаева. Сурет: Андрей Лунин

Біз де осылай жасасақ, бұл кинематограф үшін ғана емес, Алматыдағы мәдениет пен кәсіптің өркендеуіне үлес қосар еді. Сондай-ақ, тек Алматыда ғана емес, астанамыз – Астанада да аталмыш жобаны жүзеге асыруға болады. Қазір осы идеяны қызу талқылап жатырмыз. «Қазақфильм» киностудиясының ауқымы кең және дамуға толық негіз бар. Сол арқылы фильмдерді түсіріп қоймай, кинематографқа қолдау білдіре алады. Өйткені, осы аймақта қолдауға бағытталған кәсіп өркен жаймақ».

Сонымен қатар, Мұсақожаева министрге Сан-Тропедегі белгілі «Жандарм» франко-итальяндық комедиясының реквизиттері сақталған «Жандармерия» кино мұражайының көшірмесін Қазақстанда жасауды ұсынды.

 

Превью: voxpopuli.kz

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист

Алексей Пантелеев

Актер