È

«Тұлпар - 2017» киножүлдесінің лауреаттары анықталды

«Тұлпар - 2017» киножүлдесінің лауреаттары анықталды

Қазақстан Ұлттық кинематографиялық өнері және Ғылым академиясы «Тұлпар» екінші жүлдесінің лауреаттарын анықтады. 9 номинация бойынша Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Якутия елдерінен келген 18 фильм бақ сынады.

Дауыс беру нәтижесі бойынша «Аудандар» картинасы үздік фильм атанды. Сондай-ақ, сексенінші жылдарды бейнелейтін драма келесі номинацияларда жеңіске жетті: «Фильмнің үздік музыкасы» (Әлім Заиров), «Үздік ер азамат рөлі» (Елтерес Нұржанов), «Үздік сценарий» (Тимур Жақсылықов), «Үздік режиссерлік жұмыс» (Ақан Сатаев).

Рүстем Әбдірашевтің «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» картинасы да жүлдесіз қалған жоқ. Тарихи туынды «Үздік операторлық жұмыс» (Сапар Қойшыманов, Александр Плотников) және «Қоюшы-суретшінің үздік жұмысы» (Өмірзақ Шманов, Сәбит Құрманбеков) номинацияларында жеңіске жетті. «Үздік әйел рөлі» жүлдесін «Желіде» кинотаспасы үшін Айсұлу Әзімбаева алды. Ал «Үздік ер азамат рөлі» жүлдесін «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» картинасы үшін Қайрат Кемалов иеленді.

Асанәлі Әшімов және Айман Мұсақожаева. Сурет: Илья Назаренко

«Үздік шетел фильмі» ретінде қырғыз режиссері Руслан Акунның «Анамды іздеймін» драмасы арнайы жүлдеге ие болды. «Қазақстан кинематографына қосқан үлкен үлесі үшін» құрметті жүлдесін Халық әртісі Асанәлі Әшімов иеленді.

«Тұлпар» жүлдесі Қазақстан Ұлттық кинематографиялық өнері және Ғылым академиясының негізінде 2016 жылы құрылған. Биылғы жылы үздік атануға 2016 жылдың қазан айынан 2017 жылдың қыркүйек айына дейін айналымға шыққан келесі фильмдер таласқан болатын: «Алжир: Қармен жуылған қан», «Ауылдағы келімсектер», «Біз Сандықтаудан боламыз», «Бір сен үшін», «Ертең теңіз», «Қазақша кәсіп», «Келін де адам баласы», «Наурыз.kz», «Тағы бір күн», «Тараз», «Тоқал», «Желді алау» (Якутия, Ресей) және «Велосипед» (Тәжікстан).

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер