È

«Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмі DVD форматында жарық көрді

«Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмі DVD форматында жарық көрді

«Қазақфильм» киностудиясы «CentauRus Rustem Abrashev production» және «Меломан» компанияларымен бірігіп, «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмінің DVD нұсқасын шығарды. Сатылымға барлығы 700 дана түсті, оларды «Меломан» дүкендер желісінен немесе «Еуразия» кинофестивалінің аумағынан алуға болады. Авторлардың хабарлауынша, түпнұсқа DVD-дің бағасы - 1295 теңге.

Фильм дискілерінің алғашқы топтамасын режиссер Рүстем Әбдірашев, продюсер Арман Әсенов және «Меломан» компаниясы ұлттық жобалар департаментінің директоры Низами Мамедов ұсынды.

«Жылдың басында айналымға хикаяның кинонұсқасы шыққан болатын, нәтижесінде 70 миллион теңгеге жуық қаражат жиналды. «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» картинасының 60%-ы мемлекеттік тілде көрсетілді. Фильмді DVD форматында шығаруды өзіміз шешкен жоқпыз. Картинаны кинотеатрлардан, телевидениеден көре алмаған көпшілік көрермен сұрады. Дисктің өте ыңғайлы зат екендігі белгілі. Оны кітап сөрелерінде сақтауға болады, біреуге сыйлық ретінде ұсынуға да тиімді, немесе біраз жылдардан соң балаларыңыз бен немерелеріңізге көрсете аласыз»,-деп түсіндірді Рүстем Әбдірашев.

«Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмінің DVD нұсқасының мұқабасы

Режиссер тарихи фильмнің фестивальді тағдырының енді ғана басталғанын айта кетті. «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» көптеген халықаралық кинофестивальдерге шақырту алды.

«Қазақ хандығы. Алмас қылыш» таспасының толықметражды нұсқасы отандық көрерменге 2016 жылдың желтоқсанында көрсетілген еді. Картина негізіне Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» романында баяндалған Қазақ хандығының құрылу тарихы арқау болды.

Суреттерді Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі ұсынды

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Игорь Бабичев

Актер

Максим Митрофанов

Актер

Джон О’Нил

Актер

Талас Бойченко

Актер

Сәбит Мұстафа

Актер