È

«Тұлпар» киножүлдесінің үміткерлерін сынау басталды

«Тұлпар» киножүлдесінің үміткерлерін сынау басталды. Қазақстан киносы

XIII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің аясында «Тұлпар» ұлттық киножүлдесінің үміткерлерін сынау басталды. Байқау 2016 жылы Қазақстан кинематографистері Ұлттық Академиясының негізінде қаланды. «Тұлпардың» алғашқы иегерлері: Досхан Жолжақсыновтың «Құнанбай» фильмі, Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» картинасы және Ерлан Нұрмұхамбетовтың «Жаңғақ ағашы» туындысы.

Биыл 2016 жылдың қазан айынан 2017 жылдың қыркүйек айына дейін жалпы ұлттық айналымға шыққан 13 кинокартина (9 отандық, 4 шетелдік) жүлдеге үміткер болмақ. Олар - Рүстем Әбдірашев «Қазақ хандығы. Алмас қылыш», Ақан Сатаев «Аудандар», Нұртас Адамбай «Тараз», Жеңісхан Момышев «Қазақша кәсіп», Асқар Ұзабаев «Келін де адам баласы», Асқар Бисембин «Наурыз.kz», Гаухар Нұртас «Тоқал», Ардақ Төлеубай «Бір сен үшін», Катерина Суворова «Ертең теңіз», Татьяна Нам «Желіде», Виталий Кистанов «Тағы бір күн», сонымен қатар Дмитрий Давыдовтың «Желдегі алау» ресейлік фильмі, Руслан Ақынның «Ананы іздеу» қырғыз комедиясы, Тәжікстаннан келген Умед Мирзошириновтың «Еңсеру» картинасы және түрік режиссері Үміт Керекеннің «Көкшіл шайтанарба» фильмі.

Ақан Сатаев «Анаға апарар жол» фильмі үшін 2016 жылғы марапаттау салтанаты кезінде

«Тұлпар» ұлттық жүлдесі қазақ киносының дамуына үлес қосып жүрген табысты фильмдерге беріледі. Жүлде отандық киноны қолдауға және оны отандастарымыз бен шетелдік аудиторияға кеңінен танытуға бағытталған. Қатысушыларды Ұлттық кинематографистер Академиясы бағалайды.

Екінші жүлденің жеңімпаздарын марапаттау 2017 жылдың қыркүйек айында Алматыда өтеді.

 

Суреттер: filmacademy.kz

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист