È

«Біз Сандықтаудан боламыз» фильмі қазақстандықтарды таң қалдыра алмады

13-16 шілде аралығындағы кассалық жинақ

Өткен аптада айналымға «Біз Сандықтаудан боламыз» комедиясы шыққан болатын. Бірақ, картина отандық көрермендерді қызықтыра алмады. Фильмнің алғашқы жинағы бір миллионнан әзер асады. Оған қарағанда «Маймылдар аралы. Соғыс» франшизасы мен «Жігіт пен қыз» француз мелодрамасы сәтті басталды. Толығырақ Қазақстандағы кассалық жинаққа арналған арнайы материалымыздан оқыңыздар.

Өткен аптадағы үздіктердің қатарында «Маймылдар аралы. Соғыс» фильмі тұр, ол тұсаукесерлі демалыста 345 322 350 теңге жинаған. Картина маймылдар жайындағы екінші рет қайта шығарылған франшиза. Алғашқысы 2014 жылы түсірілген «Маймылдар аралының таңы» болатын. Таспа түсірілімі 2015 жылдың қазан айында басталып, 2016 жылдың наурыз айына дейін созылған. Оны «Жасырынған қамал» деген атпен Канадада түсірген. Фильм Америкада 56 миллион доллар жинады.

Екінші орынды 145 237 250 теңге көлеміндегі жинағымен «Сұмпайы мен 3» анимациялық картинасы иеленді. Бастапқыда Дрю рөліне Тим Карри, Хью Лори және Джон Хэмм қарастырылған еді. Нәтижесінде рөл Стив Кареллге бұйырды, ол Дрюдің егіз ағасы – Грюді де дыбыстады. Авторлар айналымға шықпай тұрып, фильмнің Дэвид Боуи, Эйб Вигода, Джордж Кеннеди және Дорис Робертс естеліктерінің құрметіне арналғанын айтқан. Олардың есімдері фильм титрінде көрсетіледі. Картина АҚШ-та өткен демалыстарда 19 миллион доллар табыс тапты.

«Маймылдар аралы. Соғыс» фильмінен көрініс

«Өрмекші адам. Қайта оралу» фильмі бірінші орыннан үшіншіге түсіп қалды. Блокбастердің «Sony Pictures» студиясы екінші аптада 130 953 900 теңге тапты. Режиссердің орнына бұрын Дрю Годдард («Ормандағы лашық») және Джонатан Левин («Дене қызуы») үмітті еді. Алайда, ол орынды 2015 жылы «Полицей көлігі» триллерін түсірген Джон Уоттс иеленді. «Өрмекші адам. Қайта оралу» фильмі өз отанында 45 миллион доллардан астам қаржы жинаған.

«Трансформерлер: Соңғы сарбаз» атыс-шабыс фильмі үшінші аптада 14 226 900 теңге жинады. Картинада Артур патшаны актер Лиам Гэрриган сомдады. Ол бұрын «Бір күні ертегіде» (2011) хикаясында да патшаның рөлін ойнаған болатын. Негізі, «Трансформерлердің» режиссері Майкл Бэй «Артур патша» фильмінің де режиссері болуы керек еді. Ол жобамен 5 жыл бойы айналысып, бюджетке қатысты мәселе туындағанда тастап кетеді. Франшизаның бесінші бөлімі өткен аптада штатта 3 миллион доллар жинады.

«Жігіт пен қыз» француз мелодрамасының алғашқы жинағы 27 755 000 теңгені құрады. Фильм актер Николя Бедостың режиссерлік дебюті. Ол көрермендерге «Саусақ ұшындағы махаббат» (2012) және «Ауыстырылмайтын махаббат» (2013) фильмдері арқылы таныс. Сонымен қатар, Николя мелодраманың сценаристі болды, басты рөлді сомдады және Филипп Келлимен бірге әуенін жазды.

«Трансформерлер: Соңғы сарбаз» фильмінен көрініс

«Кеңсе тәжірибесі» әсерлі триллері кассаны 8 910 350 теңгеге толтырды. Актер кіші Джон Галлахер сценарист Джеймс Ганның алдыңғы «Галактика сақшылары» (2014) фильмінің кастингіне қатысқан болатын. Жақсы сынға қарамастан, Джон фильмге түспеді. Жағдайды қалайда өзгертуге тырысқан Ганн жаңа жобасында арнайы актерге арнап бір рөлді жазады. Тони Голдуин мен Грегг Генри үшін триллер екінші рет бірігіп жасаған жобасы болды, екеуі де бұрын ABC-дің «Жанжал» хикаясына (2012) түскен еді.

«Мағынасыз атыс» драмасы 5 590 600 теңге жинады. Режиссері әрі сценарий авторы Рик Роман жобаның алдында шартты түрде мерзімінен бұрын босату бөлімінде ерікті болып жұмыс істеген. Кейіннен режиссер алған тәжірибесінің арқасында түрме топтарының әлемінен хабардар болғанын айтты. Фильмді Альбукеркте, Санта-Фе мен Нью-Мексикода түсірген.

«Мағынасыз атыс» фильмінен көрініс

«Біз Сандықтауданбыз» комедиясы отандық көрерменге аса ұнай қоймады. Фильм айналымнан бар-жоғы 1 296 000 теңге жинады. Таспа - Елена Шестакованың режиссерлік дебюті. Картина түсірілімі былтыр Астана қаласында өткен болатын.

Айналымның басқа жаңалықтары әлсіз нәтиже көрсетті: «Ертеде өмір сүрген мысық» мультфильмі - 1 182 9000 теңге, «Бақа ханшайым: Ғажайып бөлменің құпиясы» анимациясы - 257 700 теңге, «Блокбастер» ресей комедиясы - 68 750 теңге және «Жабайы хикая» қорқынышты фильмі - 43 700 теңге жинады.

 

* Материал Rentrak пен Ticketon.kz жүйелерінің мәліметтері бойынша дайындалды

Қазақстанда Rentrak жүйесіне «Chaplin Cinemas» кинотеатрлар желісі қосылған.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Асылхан Төлепов

Актер

Төлеубек Аралбай

Актер