È

«Қазақфильм» сценарийлер байқауын жариялады

«Қазақфильм» сценарийлер байқауын жариялады

«Дебют» ШӨБ «Қазақфильм» киностудиясының негізінде қысқаметражды киноларға арналған сценарийлер байқауын ашық деп жариялады. Байқауға тек Қазақстан азаматтарының жұмыстары ғана қабылданады.

Қатысу үшін қазақ және орыс тілдерінде көркем шығарма негізінде жазылған, көлемі 5-тен бастап 20 бетке дейінгі ерекше сценарий ұсыну қажет. Авторлардың кәсіби немесе осы салаға қатысты білімдері және бұрындары жүзеге асырған жобалары болса құба-құп.

Ұсынылған жобалар ұлтаралық, әлеуметтік, этникалық, нәсілдік және діни қақтығыстарды, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты тудырмау керек. Сондай-ақ, республиканың конституциялық құрылымын күштеп өзгертуге және мемлекет қауіпсіздігін бұзуға қатысты үгіт-насихат жүргізілмеуі тиіс.

Айта кету керек, ұсынылған жобаларды тек комиссия мүшелерінің мақұлдауынан кейін ғана жүзеге асыруға болады.

Естеріңізге сала кетсек, 2016 жылы «Дебют» ШӨБ қолдауымен 7 қысқаметражды фильм түсірілген. Олардың арасында: Алдияр Байракимовтың «На грани», Адиль Мұсатаевтың «Письмо», Асқар Әуелбектің «Миша», Баймұрат Жұмановтың «Жесткий тип» және т.б. жобалары болды.

Өтініштер осы жылдың 1 мамырына дейін қабылданады.

Қосымша сұрақтар бойынша осы номерлерге хабарласа аласыздар: 8 (727) 302-12-62, 8 (727) 313-11-35.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер