È

«Қазақфильм» «Алаш туы астында» деректі фильмін ұсынды

«Қазақфильм» «Алаш туы астында» деректі фильмін ұсынды

Алматыда Ерген Тоқмурзиннің «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысына арналған «Алаш туы астында» атты деректі фильмінің тұсауы кесілді. Көрсетілім таспа авторлары мен баспасөз өкілдерінің қатысуымен Kinoplexx Sary Arka кинотеатрында өтті.

«Алаш туы астында» картинасы «Алаш» қозғалысының пайда болуы, негізін қалаушылары мен тарихи маңыздылығы жайлы баяндайды. Сонымен қатар, таспада қазақ баспасөзінің дүниеге келуі, ұжымдастыру, аштық және жаппай жазалау шаралары туралы сөз болады. Фильм үш бөлімнен тұрады: «Оян, қазақ!», «Жарияланбаған автономия» және «Қатерлі өткел».

«Бұл «Алаш» қозғалысы тарихына арналған ең алғашқы тұжырымдамалық иинтеллектуалды фильм деп толық сеніммен айта аламын. Алашордалықтардың идеясы тірі әрі мәңгі өмір сүрмек, өйткені тәуелсіздік пен бостандық тақырыбы қашан да өзекті. Түсірілім тобы алдағы уақытта да осындай жобаларды қолға алса және бұдан да қызықты фильмдерді ұсынса қуанар едім», - деді жобаның ғылыми кеңесшісі, тарихшы Мәмбет Қойгелдиев.

Картина түсірілімі Мәскеу, Уфа және Санкт-Петербург сынды Ресей қалаларында және Семейде өткен. Деректі картина түсіріліміне шығармашылық кеңесші Тұрсынжан Шапай, сценарий авторы Болат Мүрсәлім, қоюшы-оператор Мұстафа Өнер және композитор Бейбіт Ақош атсалысты.

Фильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен «Қазақфильм» киностудиясы негізінде «Ел» продюсерлік орталығының қатысуымен өндірілді.

Авторлар «Алаш туы астында» таспасын Қазақстанның өзге де қалаларына, жоғары оқу орындарына және отандық телеарналарға ұсынуды көздеп отыр.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса

Тимур Жақсылықов

Сценарист