È

«Қазақфильм» Ұлы Отан соғысы жайлы фильмді таныстырды

«Қазақфильм» Ұлы Отан соғысы жайлы фильмді таныстырды

Алматыда, ҚР Ұлттық кітапханасында режиссер Николай Раисовтың «Соғыстың 60 күні» деректі фильмінің тұсаукесерлі көрсетілімі өтті.

Фильмдегі оқиға Ұлы Отан соғысы кезінде өрбиді және Мәскеу түбіндегі қазақстандықтардың шайқасы туралы баяндайды.

«Көпшілігі Мәскеу қорғанысына Алматылық Панфилов дивизиясының қатысқанын біледі. Панфиловтықтардан бөлек, Мәскеуді Қазақстаннан тағы екі дивизия – Ақтөбелік 312-ші және Семейлік 238-ші дивизиялар қорғаған. Ақтөбеліктер Малоярославец пен Можайск түбіндегі фронттың орталық учаскесінде шайқасты. Барлық дивизия 41-жылдың қазанында қаза тапты, бірақ жауды өткізбеді. Семейлік 238-ші дивизия Туланы қорғап, Гудериан танк армадасын тоқтатты», - деді Николай Раисов.

kazakhfilmstudios.kz
kazakhfilmstudios.kz

Режиссер Қазақстанда біздің бейбіт әрі тәуелсіз еліміз үшін шайқасқан өз батырларын есте сақтағандарын қалайды.

Таспа түсіріліміне КСРО мен Германияның деректі хроникасынан жаңа кадрлар пайдаланылды, Подольск пен Красногорск мұрағаттарындағы кинофотоқұжаттар материалдары зерттелді.

kazakhfilmstudios.kz
kazakhfilmstudios.kz

Сондай-ақ, деректі фильм көрермендері 312-ші дивизия полковнигі Александр Наумовтың, 238-ші дивизия командиры Геннадий Коротковтың, аға лейтенант Бауыржан Момышұлының, 11 саперімен саяси жетекші Петр Фирстовтың, Амангелді Имановтың ұлы Рамазанның ерліктерінің куәсі болды.

Картина ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Қазақфильм» киностудиясында түсірілді.

 

Превью: kazakhfilmstudios.kz

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер