«Қазақфильм» сценарийлер байқауының мерзімін ұзартты
«Қазақфильм» киностудиясы «Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестігімен бірге қысқаметражды фильмдерге арналған сценарийлер байқауын 15-маусымға дейін созды.
Киностудия басшылығы байқауға тек Қазақстан азаматтарының көркем туындысының негізгі немесе түпнұсқа сценарийлері қатыса алатынын еске салады. Қатысушылар өтінім үлгісінде өзі туралы және бұрынғы жұмыстары (егер бар болса) жайында қысқаша ақпаратпен қоса, аннотация (500 белгіге дейін), синопсис (1 бет), фильм сценарийін (5-тен 20-бетке дейін) жіберуі керек. Сонымен қатар, ҚР авторлық құқық ережелеріне сай туындыны экрандауға арналған рұқсат куәлігі немесе ешқандай наразылықтың жоқтығын дәлелдейтін құжаты болуы тиіс.

«Дебют» ШӨБ комиссиясы таңдаған үздік жұмыстар «Қазақфильм» киностудиясының өндірісіне жіберілетін болады. Былтырғы жылы байқаудың арқасында жас режиссерлардың 7 қысқаметражды картинасы жарыққа шыққан болатын.
Өтініштер debut.kzfilm@gmail.com электронды мекен-жайы бойынша қабылданады.
Қосымша ақпарат үшін: 8 (727) 302-12-62, 8 (727) 313-11-35.







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін