È

«Қазақфильм» қазақ күресшісі Жақсылық Үшкемпіров жайлы фильм түсіреді

«Қазақфильм» қазақ күресшісі Жақсылық Үшкемпіров жайлы фильм түсіреді

«Қазақфильм» киностудиясы күресші әрі жаттықтырушы Жақсылық Үшкемпіров жайлы фильмнің түсіріліміне дайындықты бастап кетті. «Жеңімпаз» атты картинаның қойылымымен Бақыт Қайырбеков Алексей Каменскиймен бірге айналысады.

«Жеңімпаз» көркем таспасы классикалық үлгідегі кеңес күресшісі, әлем чемпионы, ҚазССР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жақсылық Үшкемпіровтің тағдыры туралы баяндайды. Болашақ чемпион Семей зооветеринария институтында оқыды, ал спортқа аяқ астынан келіп, өзін жақсы жағынан көрсете білді. 1980 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарында Жақсылық Әмірәліұлы алтынды қанжығасына байлады. Биылғы жылдың мамыр айында отандасымыз 67 жасқа толады.

Авторлар жобада басты және эпизодтық рөлдерді сомдайтын актерларды іздестіруде. Іріктеу кезеңіне жүзе алатын, атпен шаба білетін 5-7 жастағы ер балалар және 15-29 жас аралығындағы спортшылар шақырылады. Сондай-ақ, 9-15 жасар қыздар, 18-ден 22-жасқа дейінгі бойжеткендер, 20-60 жас аралығындағы әйелдер және 30-60 жастағы спортшы ер азаматтар бақ сынай алады.

Үміткерлердің барлығына қойылатын талап – қазақ тілін міндетті түрде білу.

Кастингке қатысқысы келетіндер өзі туралы мәліметті (аты-жөні, жасы, бойы, салмағы, байланыс нөмірі) және суретті (профиль, анфас, толық дене бітімі) mergen_kasting_kz@mail.ru электронды мекен-жайына жолдаулары тиіс.

 

3 пікір

Пікір қалдыру үшін

Maxim Bogomolov

29 наурыз 2018, 00:35

Молодцы, надеемся хорошая картина получится.

Мырзахмет

29 наурыз 2018, 00:43

ждем фильмы про спорт. в этом направлении нужно нам развиваться.

Даник

31 наурыз 2018, 22:08

Керемет туынды болатынына сенеміз

Таныс бейне

Санжар Мәди

Актер

Жерар Депардье

Актер