«Қазақфильм» «Мұзбалақты» көрсетілімге шығармақ

18 қазаннан бастап кинотеатрлардан «Мұзбалақ» отандық мультфильмі көрсетіле бастайды. Анимациялық таспа ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен түсірілді.
Фильм сюжеті бүркіт пен адамның қарым-қатынасын, сонымен қатар әйгілі құс аулаудың қалай пайда болғанын көрсетеді.
Анимациялық картинаға Тілек Төлеуғазы мен Тұрдыбек Майдан режиссерлік етті, сценарий авторлары: Ербол Бораншы, Тұрдыбек Майдан, Тілек Төлеуғазы, Адай Әбелдинов.
_x9ay.jpg)
«Қазақфильм» баспасөз қызметінің жетекшісі Айнұр Исаеваның айтуынша, фильм қазақ тілінде түсіріліп, орыс тіліне дубляждалған. Сондықтан, таспаны екі тілде көруге болады.
Кейіпкерлерді дыбыстаумен театр және кино актерлары Ержан Жарылқасынұлы, Жанат Тыныбаев, Самат Қордабай, Ерғали Төлебаев, Алма Әділқызы айналысты.
Бір сағаттық фильм түсіріліміне екі жыл бойы 40 аниматор қатысты. Картинаның әр секунды 25-25 суретті кадрдан тұрады.
Еске салсақ, осы жылдың жазында «Мұзбалақ» анимациясының саундтрегіне түсірілген бейнебаян ұсынылған болатын.
Мультфильмнің ыңғайлы кестесін кинотеатрлар афишасынан көруге болады.
Арайлым Танкаева
.jpg)







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін