È

«Мұзбалақ» мультфильмінің саундтрегіне бейнебаян

«Мұзбалақ» мультфильмінің саундтрегіне бейнебаян

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы «Мұзбалақ» мультфильмінің саундтрегіне түсірілген бейнебаянды ұсынды. Халықтық музыка элементтері бар ырғақты шығарманы Ұшқын Жамалбек шығарып, орындады. Сондай-ақ, бейнебаян түсіріліміне «Қазсақ» этно-фольклорлы тобы өз үлесін қосты.

«Мұзбалақ» анимациялық фильмі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» негізінде өндірілді. Таспаның қоюшы-режиссерлары - Тұрдыбек Майдан және Тілек Төлеуғазы. Мультфильмнің басты кейіпкері – бүркіт Мұзбалақ, оның қыран анасы жазық даланы Айдаһардан құтқарған болатын. Жылдар өте келе қаһарлы жылан қайта оралды. Ауылды қауіптен құтқару мақсатында қос бозбала Ақтай мен Шегіре қыранды іздеуге аттанады, бірақ оның орнына батыр Мұзбалақты жолықтырады.

Фильм сценарийін Ербол Бораншы, Тұрдыбек Майдан, Тілек Төлеуғазы және Адай Әбілда жазды.

Авторлар картинамен екі жыл айналысты. Өндіріске барлығы 40 суретші-аниматор атсалысты.

Еске салсақ, музыкалық бейнебаянның түсірілімі биылғы жылдың маусымында өткен болатын. Түсірілім алаңы ретінде «Қазақфильм» павильондарының бірі пайдаланылды.

«Мұзбалақ» анимациясы биылғы жылдың күзінде шығады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер

Линда Нығматулина

Актриса

Геннадий Балаев

Актер