È

«Мұзбалақ» мультфильмінің саундтрегіне бейнебаян түсірілді

«Мұзбалақ» мультфильмінің саундтрегіне бейнебаян түсірілді

Отандық «Мұзбалақ» мультфильмінің ерекше саундтрегі пайда болды. Аттас лирикалық шығарманы «Қазсақ» этно-фольклорлы тобымен бірге Ұшқын Жамалбек орындады. Ән жазу мен бейнебаян түсірілімі «Қазақфильм» киностудиясында өтті.

Әні мен сөзінің авторы - Ұшқын Жамалбек, оның шығармалары ұлттық бояу мен заманауи үрдістерден құралған. Орындаушының сөзінше, ол «Мұзбалақты» көрген соң, шабыттанғаны соншалық, фильмге 4 ән жазып қойған. Солардың бірі басты музыкалық шығарма ретінде таңдалды.

«Мұзбалақ» мультфильмі бүркіт пен адам арасындағы достық жайлы баяндайды. Жігіттер Ақтай мен Шігер әйгілі ұябасар бүркітті іздеп жүріп, балапаны – Мұзбалақты жолықтырады. Дәл сол алқаптағы тұрғындарды қаһарлы Айдаһардан құтқаруы тиіс.

Анимациялық таспаны режиссерлар Тұрдыбек Майдан және Тілек Төлеуғазы түсірді. Картина жұмысы екі жылға созылған. Мультфильм түсіріліміне 40 суретші-аниматорлар жұмылдырылды. Таспа Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен «Қазақфильм» базасында өндірілді.

Саундтрек бейнебаянын көрермендер жақында бағалай алатын болады.

Еске салсақ, «Мұзбалақ» фильмінің трейлері биылғы жылдың қаңтар айында шыққан болатын.

 

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер