«Мұзбалақ» мультфильмінің трейлері
«Қазақфильм» киностудиясы «Мұзбалақ» толықметражды анимациялық фильмінің трейлерін жарыққа шығарды. Картина әлемді уытты айдаһардан құтқаруға тиісті бүркіт туралы баяндайды.
Сюжетте бес жасар бүркіт Мұзбалақ сипатталады, оның анасы кезінде адамдарды қаһарлы Айдаһардан құтқарған еді. Жылдар өте келе, айдаһар бастаған ісін аяқтау үшін қайта оянады. Ақтай мен Шігер есімді жігіттер бұрын өздерін құтқарып қалған ана бүркітті іздеуге шығады да, Мұзбалақты жолықтырады.
Мультфильм кейіпкерлері Ержан Жарылқасынұлы, Жанат Тыныбаев, Самат Қордабай, Ерғали Төлебаев және Алма Әділқызының дауыстарымен сөйлейді.

«Мұзбалақ» мультфильмінен көрініс
Мультфильм өндірісі 2015 жылы басталған. Жоба режиссерлары - Тұрдыбек Майдан және Тілек Төлеуғазы, олар 2014 жылы «Тастүлек» қысқаметражды анимациясын ұсынған болатын.
Отандық жаңа анимацияның сценарийін - Ербол Бораншы, ал музыкасын - композитор Әсет Даненов жазды. Картина түсіріліміне барлығы 40 маман атсалысты.
Айта кету керек, «Мұзбалақ» 2D және 3D форматтарында түсірілген.







1 пікір
Пікір қалдыру үшін
Даник
19 января 2018, 18:43Әсерлі мультфильм! Қазақи бағытта түсірілген осындай туындыларды телеарналардан көптеп көрсету қажет.