«Қазақфильм» үш толық метрді өндіріске жіберді
«Қазақфильм» киностудиясы үш толықметражды фильмді өндіріске жіберді. Отандық режиссерлер өздерінің жобаларын сәтті қорғап шақты.
Жақында уақытша атауы «Кирпичи» деп аталатын фильмнің түсірілім басталады. Режиссері және сценарий авторы Фархат Шарипов, ол «Сказ о розовом зайце», «Инопланетяне ни при чем» және «Ақжол» фильмдерін түсірген. Режиссердың төртінші көркем фильмі Данияр Сүгрәлиновтың «Кирпичи 2.0» шығармасының негізінде түсірілмек.
Сюжет бойынша басты кейіпкер жақсы өмір сүру үшін өзінің өмірлік қағидаларын өзгертеді. Нәтижесінде ол күйзеліске түседі, осы күйден шығуға оған мейірімді адамдар көмектеседі. Ол жайлап адами сезімдердің: махаббат пен мейірімнің, аяушылықтың құндылығын түсінеді.
Өндірістік кезеңге жіберелітені фильмдер «Шала қазақ» және «Самая красивая. 14 қыз».

Режиссер Фархат Шарипов
«Шала қазақ» кинолентасы - режиссер және сценарист Төлеген Байтүкеновтың жобасы. Оқиға жас журналист Жан жайлы. Ана тілін білмегендіктен ол көпшіліктің мазағына айналады. Бір күні бәрі өзгереді. Кейіпкер орыс және ағылшын тілдерін ұмытып қалады да, тек қазақ тілінде сөйлейді.
«Самая красивая. 14 қыз» Қанағат Мұстафиннің «16 қыз» комедиясының жалғасы. Осы жылы Саматқа қалыңдық іздейді, ол үш достың ішіндегі бойдағы. Достар қалыңдықты басқа елден іздеуге аттанады. сол жақта олар небір қызықты оқиғаларға тап болады.
Все проекты будут реализованы при участии киностудии «Казахфильм».






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін