È

«Қазақфильм» «Жеңімпаз» фильмінің түсіріліміне дайын

«Қазақфильм» «Жеңімпаз» фильмінің түсіріліміне дайын

«Қазақфильм» киностудиясы кеңес күрескері Жақсылық Үшкемпіровке арналған «Жеңімпаз» фильмі түсірілімінің басталатын күнін хабарлады. Қоюшы-режиссер Бақыт Қайырбеков жетекшілігіндегі шығармашылық топ түсірілімге осы жылдың 29-шілдесі күні кіріспек.

«Жеңімпаз» фильмі 80-жылдардағы олимпиада ойындарының жеңімпазы, алғашқы этникалық қазақ, кеңес күресшісі, қазіргі Қазақстанның Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жақсылық Үшкемпіровтің тағдыры жайлы баяндайды. Картинада спортшының кішкентай жеңістерінен бастап, Мәскеудегі Олимпиада триумфына дейінгі жолы көрсетіледі.

Жас балуанның рөліне Эльнар Назарқұл мен Санұржан Сүлейменов таңдалды. Жас Жақсылық Әмірәліұлын театр актері Олжас Сақ, ал ересек шағын Қазақстанның Халық әртісі Досжан Жанботаев сомдайды.

Спорт драмасының түсіріліміне қоюшы-оператор Марс Омаров, қоюшы-суретші Өмірзақ Шманов және костюм бойынша суретші Шолпан Машрапова атсалысады. Картинаның бас продюсері Тасболат Мерекенов болмақ.

«Жеңімпаз» фильмінің түсірілімі Өскеменде, Талдықорғанда, Алматы мен Алматы облысында өтеді. Авторлар кейбір көріністерді Беларусьта түсіруді жоспарлап отыр.

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер