È

«Қазақфильм» Қазыбек би туралы деректі таспасының түсірілімін аяқтады

«Қазақфильм» Қазыбек би туралы деректі таспасының түсірілімін аяқтады. Қазақстан киносы

«Қазақфильм» киностудиясы Қазыбек биге арналған деректі фильмінің түсірілімін аяқтады. Кинотаспа тарихи тұлғаның туғанына 350 жыл толуына орай түсірілген.

Қазыбек би (Қазыбек Келдібекұлы) – Орта жүздің көрнекті өкілі, ақылдылығы мен даналығымен танылған би. Оның қатысуымен «Жеті жарғы» заң жобасы шығарылды. Қоғам қайраткері туралы кинотаспа түсіру идеясы режиссер Ғазиз Насыров пен драматург Ерлан Төлеутайға тиесілі.

Картина Қарағанды мен Павлодар облыстарында, сондай-ақ Қазыбек Келдібекұлының өмірін зерттеушілердің сұхбаты жазылған Астанада түсірілді.

Айта кету керек, фильмде ойнамалы кино көріністер бар, оған кәсіби актерлар түскен. Көрермендер Қазыбек бидің образында Қайрат Кемаловты көре алады.

Таспаның музыкалық әрлеуі композитор Әбілқайыр Жарасханға сеніп тапсырылды. Кинокартина қоюшы-оператор Сапар Қойшыманов пен Марс Омаровтың қатысуымен түсірілді.

Әйгілі би туралы фильмнің тұсаукесері биылғы жылдың қыркүйек айында болмақ.

Суреттерді Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі ұсынды

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер