È

«Қазақфильм» жеті қысқаметражды фильмнің түсірілімін аяқтады

«Қазақфильм» жеті қысқаметражды фильмнің түсірілімін аяқтады

«Қазақфильм» киностудиясы «Дебют» шығармашылық бірлестігі аясында жеті қысқаметражды картинаны өндіріске жіберді. Түсірілген фильмдердің арасында жас режиссерлердің жұмыстары да бар: «Жетім бұрыш» Ербол Бораншы, «Жесткий тип» Баймұрат Жұманов, «Миша» Асқар Әуелбек, «На грани» Алдияр Байракимов, «Письмо» Адиля Мусатаева, «Эль Фриман» Елжас Рахымбеков және «Таксист» Дәулетжан Махмұт. Барлық кинокартиналар өндіріске 2016 жылдың соңына қарай ҚР Мәдениет жәіне спорт министрлінің тапсырысымен өндіріске жіберілді.

«Қазақфильм» студиясы қысқаметражды ленталарды түсірумен 1959 жылдан бері айналысып келекді. Араға жылдар салып, студия базасында «Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестік құрылды. Бірлестіктің басты мақсаты – сценарий жазудан бастап пост-продакшн кезеңіне дейінгі жұмыс барысын қамти отырып, жас кинемотографистерді фильм түсіру барысымен таныстыру.

«На грани» фильмнің түсірілімінен

Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті Бақыт Қайырбековтың айтуынша, жас, дарынды кинематографистерге қолдау білдіру - киностудияның негізгі мақсаты. Осыған орай «Қазақфильм» жыл сайын жас мамандарға өз фильмдерін түсіруге мүмкіндік береді.

«Дебют» ШБ өткізетін байқауға сәйкес комиссия болашақ жобалардың сценарийлерімен танысады. Сәтті шыққан қызықыты оқиғалардың авторлары киностудияға шақыртылып, басқа да жұмыстарымен танысады. Осыдан кейін екі тарап та жобаны жүзеге асыру жолдарын қарастырады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер

Линда Нығматулина

Актриса

Геннадий Балаев

Актер

Нұржұман Ықтымбаев

Актер