È

«Қазақстан» «Сүйе білсең» сериалына анонс жасауда

«Қазақстан» «Сүйе білсең» сериалына анонс жасауда

2017 жылдың мамыр айында «Қазақстан» телеарнасында «Сүйе білсең» сериалының тұсаукесері болады.Көпсериялы драма 567 cinema («Әке», «Өгей жүрек») кинокомпаниясының жаңа жобасы. Режиссерлері Асқар Ұзабаев және Ернар Нұрғалиев. Қоюшы-операторы Қазбек Әміржанов.

«Сүйе білсең» сериалының кейіпкерлері - жас әрі мақсатшыл жастар, олардың ортақ қызығушылықтары бар, ол спортқа деген махаббат. өздерінің алға қойған мақсаттарына жету үшін әрқайсысы бәріне әзір. Қиындығы мол соқпақтан тайып кетпеу үшін оларға ерік-жігер, төзімділік, спорттық рух, және адал достар көмектеседі.

Картинаның түсірілімі Алматыда 2016 жылдың тамыз және қазан аралығында өтті. сериалдың түсіріліміне белгілі актерлермен қатар дебютанттар да қатысты: Гүлназ Жоланова, Жандос Айбасов, Кәмшат Жолдыбаева, Ербол Семқұлов, Ғазиза-Таңшолпан Тлеубай, Рүстем Жаныаманов, Роза Мұқатаева және басқалар.

Жоба продюсері Ринат Сафаров пен Асқар Ұзабаевтың айтуынша, көрермендерді шынайы махаббатқа, адал достық пен сатқындыққа, бәсекелестікке толы қызықты оқиға күтіп тұр.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер

Құралай Анарбекова

Актриса