Қазақстандықтарға «Түрксіб» фильмінің жаңа нұсқасы ұсынылады
19 желтоқсанда Абай Құнанбаев атындағы МАОБТ концерт залында «Түрксіб» (1929) деректі фильмінің жаңа нұсқасының тұсаукесері өтеді. Көрсетілім компазитор Қуат Шілдебаев жазған жанды музыакмен сүйемелденеді. Жобаны жасауға мұрындық болған Наргиз Шүкенова. Продюсерлік міндетті «Арман» киноорталығының директоры Бауыржан Шүкенов алыпты.
«Түрксіб» фильмін ремастерингін жасау идеясы бұрыннан ойымызда жүрген. Шынын айтқанда Наргиз екеуміз Қазақстан аумағында түсірілген алғашқы деректі-көркем картина саналатын «Жұт» фильмімен жұмыс істегіміз келген. Бірақ картиныаның түпнұсқаларын табу мүмкін болмады. Сол кезде қосымша басқа фильмдердің түпнұсқаларын да қарастырдықбіздің таңдауымыз «Түрксіб» фильміне түсті. Картинаны Британ кино институты тамаша сандық нұсқасын жасаған екен, осы үлкен рөлге ие болды. Бірақ оның орыс, ағылшын музыкасымен сүймелденуі біздің көңілімізден шықпады. Сондықтан фильмге жаңа музыка таңдауды ұйғардық», - деп түсіндірді Бауыржан Шүкенов.
_4b9x.png)
Компазитор ретінде Қуат Шілдебаев шақырылды.
«Жұмыс барысында қатты қобалжыдық, өйткені мұндай жобамен алғаш жұмыс істекіміз. Экранмен бірге жанд оркесттр ойнайды, оның үстіне жазу бөлек, көпшілікке ұсынудың жөні басқа. Мен үшін о бастан компазицияның тілі үлкен мәселе болды. Барлығы үйлесімді болғаны жақсы ғой. Таңдауымыз келесі құрамға түсті: халық аспаптары, ішекті оркестр, электронды тректер және аздаған авангард. Біз үлкен ұжымдық шығармашылық жұмыс атқардық. Музыканы жазу кезінде мен болашақта музыканың видеосыз-ақ та тыңдалантындай болғанын қаладым», - дейді композитор.
Бауыржан Шүкеновтың айтуынша, фильмге жазылған музыка видемен жақсы үйлесім тапты, көрермен музыканың әсерімен видеодан керемет әсер ала алады. Жобаның мақсаты - оқиғаны музыка тілімен жеткізу.
_l902.png)
Тұсаукесерлік кеште фильмнің музыкалық композициясы Гаухар Марзабекова жетекшілік ететін Қазақстанның Мемелкеттік камералық оркестрі орындайды.
ерекше жобаға қолдау білдірген Сорос Қазақстан қоры, бизнес-инкубатор Мост, меценат Марғұлан Сейсенбаев, Алмалы Жұмақ қоры мен Шеврон Қазақстан.
Келем деушілерге есік ашық. Билеттер Абай атындағы МАОБТ кассасында беріледі.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін