È

Қазақстандық фильмдер Душанбедегі ХКФ таңдалып алынды

Қазақстандық фильмдер Душанбедегі ХКФ таңдалып алынды

Қазақстандық екі лента«Навсоз» Халықаралық кинофестиваліне қатысуға таңдалып алынды. Душенбедегі қысқаметражды кино фестивалі алғаш рет Тәжікстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Салатанатты іс-шара 16-20 қыркүйек аралығында «Навруз» орталығында өтеді.

отандық режиссерлепрдің жұмыстары - Мадина Беспаеваның «Сүйінші!» және Жәнібек Муртазиннің «Закрыто на зиму» фильмдері фестивальға қатысады.

Мәдина Беспаева

«Сүйінші!» - 2015 жылы шыққан деректі фильм. Картинаның басты кейіпкері - жергілікті пошташы, ол арқылы режиссер қоғамдағы қазіргі қарым-қатынасты көрсетеді.

«Закрыто на зиму» (2016) фильмі ұзақ жылдар түрлі елдерді аралап, туған жеріне оралған ер адам туралы.Алайда Мұратқа өзінің туған ауылын табу қиынға соғады. Келеңсіз жағдайларға қарамастан кейіпкер туған ауылын өзінің жадынан да іздейді.

«Навсоз» кинофестивалі жас дарындарды қолдау және олардың киноға деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Фестивальға шамамен 60 жұмыс ұсынылды, олардың 27-сі негізгі бағдарламаға енді. Фестивальға Ауғанистан, Армения, Беларусия, Иран, Қырғызстан,Өзбекстан, Ресей елдерінің режиссерлерінің жұмыстары қатысады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер