È

Қазақстандық фильмдер Римде көрсетілді

Қазақстандық фильмдер Римде көрсетілді

Римде Астананың 20 жылдық мерейтойына орай алғаш рет қазақстандық фильмдер көрсетілді. Итальяндық көрермендерге «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» тарихи таспасы, «Жұлдыздар тоғысқанда» өмірбаяндық драмасы және «16 қыз» романтикалық комедиясы ұсынылды. Көрсетілім ұйымдастырушысы – Қазақстанның Италиядағы елшілігі.

Фильмдер көрсетілімі белгілі Case del cinema кинотеатрында өтті. Картинаны қазақ халқының тарихымен және мәдениетімен жақынырақ танысқысы келген Италияның мәдениет пен өнер қайраткерлері бағалады.

«Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмінен көрініс
«Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмінен көрініс

Айта кету керек, кинотаспаның әрқайсысы Қазақстан тарихының белгілі бір кезеңін сипаттайды. «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» қазақ мемлекетінің құрылуы мен алғашқы басшылары жайлы баяндайды. Картинаны Рүстем Әбдірашев Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» романының желісімен түсірген.

«Жұлдыздар тоғысқанда» фильмінен көрініс
«Жұлдыздар тоғысқанда» фильмінен көрініс

«Жұлдыздар тоғысқанда» драмасы көрермендерді 80-жылдардың аяғы мен 90-жылдардың басына апарады, осы кезеңде Қазақстан аңсаған тәуелсіздігіне қол жеткізіп, Нұрсұлтан Назарбаевтай мықты басшыға ие болады. Фильмді Назарбаевтың кітабы бойынша және Елбасы құрдастарының әңгімелерінің ізімен ресейлік режиссер Сергей Снежкин түсірген.

«16 қыз» фильмінен көрініс
«16 қыз» фильмінен көрініс

Қанағат Мұстафиннің «16 қыз» комедиясы заманауи өмірде болған оқиғаны баяндайды. Орта жастағы ер азамат ата-анасының ықпалымен қалыңдық іздеуге кіріседі. Кейіпкер достарымен бірге жүріп, көптеген қыздармен танысады, бірақ тек біреуі ғана жігіттің жүрегін жібіте алады.

Үш фильмнің барлығы «Қазақфильм» киностудиясының негізінде өндірілген.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер