È

Отандық фильмдер «Дидор» ХКФ-не қатысуда

Отандық фильмдер «Дидор» ХКФ-не қатысуда

Душанбеде 16 қазаннан бастап тәжік киноқайраткері Тахир Собировты еске алу құрметіне арналған «Дидор» Халықаралық кинофестивалі басталды. Шара 20-қазанға дейін жалғасады.

«Көршілер» бағдарламасында келесі отандық картиналар таныстырылмақ: Дархан Төлегеновтың отбасы құндылықтары жайлы баяндайтын «Маршрут» фильмі және Алдияр Байрақымовтың өмірге деген көзқарастары әр түрлі екі жасөспірім туралы баяндайтын «Шек» таспасы.

«Маршрут» фильмінен көрініс
«Маршрут» фильмінен көрініс

Қысқа метр байқауына Қазақстанның атынан Ален Рахметалиевтің оқушылар мен мұғалімнің арасындағы қақтығысты көрсететін «Соңғы мұғалім» картинасы қатысады.

Толықметражды картиналардың арасында Серік Апрымовтың «Әкеге қоңырау шалу» картинасы бар. Сюжеті шынайылықты қияли өмірмен шатастыратын бала туралы әңгімелейді.

«Әкеге қоңырау шалу» фильмінен көрініс
«Әкеге қоңырау шалу» фильмінен көрініс

«Дидор» ХКФ Тәжікстан астанасында сегізінші рет өткізіліп отыр. Биыл ұйымдастырушылар әр елден 100-ден аса өтініш қабылдады, бірақ байқауға тек 70 картина өтті.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Төлеубек Аралбай

Актер

Аян Өтепберген

Актер