È

Қазақстандық кинокартиналар Үндістанда көрсетіледі

Қазақстандық кинокартиналар Үндістанда көрсетіледі

Үндістанда, Кералда XXI Халықаралық кинофестиваль басталды. «Фокус на Казахстан» байқаудан тыс бағдарламасында «Қазақфильм» киностудиясының фильмдері көрсетіледі . Фестиваль 16 желтоқсанға дейін созылады.

Шетелдік көрерменге Ермек Тұрсыновтың «Келін» мен «Шал», Дәрежан Өмірбаевтың «Студент», Батырхан Дауренбековтың «Қазақ елі» анимациясы, Серік Апрымовтың «Охотник» және «Бауыр» картиналары ұсынылады. Апроымов өз картиналарын өзі таныстырады, өйткені ол халықаралық байқаудың қазылар алқасының мүшелігінде. біздің отандасымыздан басқа қазылар алқасының құрамына бельгиялық режиссер Мишеля Хлейфи, үнділік актриса Сима Бисвас жіне ирандық актриса Барана Косари шақырылыпты. Негізгі қазылар алқасынан бөлек ФИПРЕССИ және НЕТПАК киносыншылары жұмыс істейді.

Биылғы жылы жүлде үшін 62 елден 185 фильм бақ сынасады. Ұздік жұмыстар «Үздік режиссура», «Үздік продюсирлік», «Үздік азиялық фильм» номинациясы үшін FIPRESCI және NETPAC жүлдесімен, «Үздік дебюттық үнділік фильм» номинациясы үшін Hassan Kutty жүлдесімен марапатталады.

Kerala International Film Festival - Үндістандағы ең маңызды мәдени шаралардың бірі, шара 1996 жылдан бері табысты ұйымдастырылып келеді. Фестиваль ұйымдастырушысы Chalachitra киноакадемиясы.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Санжар Мәди

Актер