È

Қазақстандық қысқаметражды фильмдер Абхазияда көрсетіледі

Қазақстандық қысқаметражды фильмдер Абхазияда көрсетіледі

Қазақстандық қысқаметражды фильмдер - Венера Қайыржанованың «Жасырынбағы» және Берік Жахановтың «Еркек» таспасы VIII Халықаралық «Шексіз әлемдегі нүкте» кинофестиваліне қатысады. Көрсетілім жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінде ашық аспан астында өтеді. Биылғы жылы ол 23-26 тамыз аралығында Абхазияда болады.

Венера Қайыржанованың «Жасырынбақ» кинотаспасы өздерінің қияли әлемінде өмір сүретін екі қыз жайлы баяндайды. Фильм бұрын Санкт-Петербургтегі дыбыс режиссерларының «Inтоннации» байқау-фестивалінде көзге түскен, сондай-ақ Канн кинофестивалінде Short Film Corner алаңқай аясында таныстырылған.

«Еркек» фильмінен көрініс
«Еркек» фильмінен көрініс

Берік Жахановтың «Еркек» фильмі теріс жолға түскен Азамат туралы баяндайды. Жасөспірімді әкесі жөнге салуға тырысады. Фильм Baikonyr Short Film Festival-2016, «Қырғызстан - қысқаметражды фильмдер елі» (2016) және «Кино-клик» (2016) фестивальдерінде марапаттарға ие болды.

Қос картина «Қазақфильм» жанындағы «Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестікпен түсірілді.

«Шексіз әлемдегі нүкте» кинокөрсетілімі 2011 жылы өз есігін айқара ашты. Бастапқыда ұйымдастырушылар барлық қатысушыны тең санап, қазылар алқасының идеясы мен жүлделерден бас тартқан болатын. Көрсетілімдерден бөлек, фестивальде фотокөрмелер, театралды қойылымдар мен музыкалық концерттер өткізіледі.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер