È

«Анаға апарар жол» отандық фильмі Грекияда көрсетілетін болды

Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» фильмі Грекияда көрсетілетін болды. Қазақстан киносы

24-мамыр күні «Анаға апарар жол» отандық драмасы алғаш рет Грекия елінде, Ахарнон қаласында көрсетілетін болды. Көркем фильмнің көрсетілімі Қазақстан мен Грекия Республикасының дипломатиялық қарым-қатынасының 25-жылдығына орай өткізілмек. Шараның ұйымдастырушылары – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан елшілігі және «Қазақфильм» киностудиясы.

«Анаға апарар жол» кинотаспасы - басты кейіпкер Ілиястың төзімділігі мен рухының мықтылығын көрсететін режиссер Ақан Сатаевтың жұмысы. Баланы туған үйінен күштеп алып кетеді. Одан кейін, Ілиясты балалар үйі, соғыс, тұтқындарға арналған лагерь күтіп тұрады. Алайда, оның сағы еш сынбайды, қалайда туған үйіне, анасына баруға тырысады. Анасы да көп жылдар бойы ұлының оралатынына сенімді болып, соңына дейін күтеді.

Фильм кейіпкерлерін Әділ Ахметов, Алтынай Нөгербек, Аружан Жазылбекова, Еркебұлан Дайыров сомдады.

Тарихи драманың құрылуына сценарист Тимур Жақсылықов, қоюшы оператор Хасанбек Қыдыралиев, композиторлар Әлім Заиров пен Роман Вишневский атсалысты. Бас продюсері Әлия Назарбаева болды.

«Анаға апарар жол» фильмі – көптеген жүлделердің иегері. Атап айтсақ, «Еуразия көпірі» Халықаралық кинофестивалінде үздік әйел рөлі үшін «Гран-при» алған, «Ақ Ілбіріс» кинофестивалінде «Орта Азиядағы үздік фильм» номинациясы бойынша жүлде иеленген және «Сыншылар таңдауы – 2017» байқауында үш сыйлыққа ие болған.

Қазақстан киносы алдыңғы жолы Италияның Рим қаласында көрсетілген болатын.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Аян Өтепберген

Актер

Дастен Шәкіров

Актер