È

Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» фильмі «Орта Азияның үздік фильмі» номинациясын жеңіп алды

Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» фильмі «Орта Азияның үздік фильмі» номинациясын жеңіп алды

Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» кинотаспасы Қырғыз Республикасының «Ақ ілбіріс» Ұлттық киножүлдесінде лауреат атанды. Отандық режиссердің драмасы «Орта Азиядағы үздік фильм» атауына ие болды.

«Ақ ілбіріс» киножүлдесі 2012 жылдан бері Қырғызстан кинематографтар Одағының, кино дамыту қоры мен «Айтыш» қоғамдық қорының қолдауымен өткізіліп келеді. Дәстүрлі жүлдені 14 номинация бойынша ұсынды. Ал 2015 жылдан бастап жаңа атаулар кірген, олар: «Орта Азиядағы үздік фильм», «Орта Азияның үздік актері мен актрисасы» және «Әлемдік кинематографқа қосқан үлесі үшін» жүлделері.

«Анаға апарар жол» фильмімен қатар, Орта Азияның үздігі үшін Тәжікстаннан Руми Шоазимованың «Сон обезьяны» және Өзбекстаннан Зульфикар Мусаковтың «Подробности осени» фильмдері таласқан. «Орта Азияның үздік актері мен актрисасы» санатына үміткерлер арасында «Анаға апарар жол» картинасында басты рөлді сомдаған Әділ Ахметов пен Алтынай Нөгербек болды.

Драманың қоржыны бірнеше жүлделермен толықты, олардың арасында «Еуразиялық көпір» кинофестивалінің «Гран-при» жүлдесі және «Сыншылар таңдауы - 2017» киножүлдесінің екінші қатардағы үздік әйел рөлі мен үздік әуен үшін алған марапаттары бар.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Анастасия Фёдорова

Актриса

Игорь Бабичев

Актер

Максим Митрофанов

Актер

Джон О’Нил

Актер

Талас Бойченко

Актер