È

Қазақстандық фильмді Ярославлдағы кинофестивальда көрсетеді

Қазақстандық фильмді Ярославлдағы кинофестивальда көрсетеді

Ярославлде «Ты не один» кинофестивалі басталды. Бүгінде бұл ерекше кинооқиғалардың бірі, мұнда мүмкіндігі шектеулі адамдар мен балалар қатысады. Жыл сайын фестиваль аясында Белоруссия, Грузия, Ресей, Украина және Эстония авторларының 80-нен астам жұмыстары қатыстырылады. Осы жылы негізгі байқауға Қазақстаннан қысқаметрлі «Джульетта на пенсии» (2014) фильмі көрсетіледі. Фильм режиссері - Ольга Нагаева. Сюжет бір жігітке ғашық екі суретші дос қыз туралы. Өздерінің махаббаты үшін қыздардың қандай әрекетке баратынын фестиваль қонақтары тамашалай алады. Түсірілім орны Алматыдағы Арбат. Басты рөлдерде Виктория Козина және Вера Христофориди.

Ольга Нагаева с актрисами

Ольги Нагаеваның картинасы Нью-Йорк кинофестивальде көрермендер көзайымы жүлдесіне ие болды және кинофестивальде көрермендер көзайымы жүлдесіне, Хорватиядаа FIFES кинофорумының дипломына ие болды, сондай-ақ Бристолда Encounters кинофестивалінде көзге түсті.

Конкурстық бағдарламаға мүмкіндігі шектеулі белгілі актерлер мен танымал тұлғалар қатысады. Фестивальдің негізгі мақсаты - адамдарға тән құндылықтарды насихаттау. Байқаудың негізгі ұйымдастырушылары - Ярославл мэриясының білім департаменті.

«Ты не один» кинофестивалі 3 күнге созылады. Салтанатты түрде марапаттарды табыстау 1 маусымға белгіленген.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Асылхан Төлепов

Актер

Аян Өтепберген

Актер