È

Қазақстандық «Құдіретті» веб-хикаясы Realist Web Festival бағдарламасына таңдалды

Қазақстандық «Құдіретті» веб-хикаясы Realist Web Festival бағдарламасына таңдалды

Қазақстандық «Құдіретті» веб-хикаясы алғашқы Халықаралық Realist Web Festival фестивалінің бағдарламасына енді. Байқау биыл 4-7 тамыз аралығында Ресейдің Төменгі Новгород қаласында өтеді. Бұл туралы хикаяның режиссері әрі актері Ерден Телемісов Инстаграмда хабарлады.

Жоба белгілі актер әрі блогер Ерден Телемісовтың режиссерлік дебюті болып табылады. Жас қоюшыға хикая өндіруге School Five Ехрегіеnсе продюсерлік тобы көмектесуде, оның құрамында Ілияс Ахмет, Нариман Әбиев және Андрей Мануйлов бар.

«Бір жыл бұрын бұл жәй ғана идея еді, ал қазір барлығы шындыққа айналуда! Әрдайым жанымнан табылатын достарым мен жақындарыма рахмет! Біз енді ғана бастадық! Қазақстандық «Құдіретті» веб-хикаясы халықаралық Realist web-фестивалінде! Хикая қазір өндіріліп жатыр және фантастикалық комедия жанрында түсірілуде. Ресми релизі 2018 жылдың күзіне жоспарлануда. Алғашқы маусымы 10 бөлімнен тұрады және ол YouTube-қа шығады», - деп жазды Ерден Телемісов.

«Құдіретті» картинасындағы оқиға ағайынды үш жынның айналасында өрбиді. Ең кенжесі әлемдегі алғашқы жын-блогер болуды ұйғарғанда, олардың бір қалыпты әрі баяу өмірлері түбегейлі өзгереді. Ол тіпті танымал болу үшін оқырмандарының қалауын да орындауға дайын.

Айта кетсек, Realist Web Festival – Ресейдегі алғашқы халықаралық веб-хикаялар фестивалі, ұйымдастырушысы Digital Reporter мультимедиялық жобасы. Фестиваль кино мен телевизиялық контенттен кем түспейтін, тек ғаламторға ғана арналған бүкіл әлемде дамып жатқан форматтағы үздік үлгілерді көрсетуге бағытталған.

Фестивальде Ресей, Аустралия, Израиль, Уругвай, АҚШ, Аргентина, Түркия, Франция, Германия, Испания және Ұлыбритания елдерінен келген 29 жоба ұсынылады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дидар Амантай

Сценарист

Досхан Жолжақсынов

Актер