È

Отандық «Саташ» вестерні айналымға шықты

Отандық «Саташ» вестерні айналымға шықты

Алматыда режиссер Төлеген Байтөкеновтің «Саташ» фильмінің тұсаукесерлі көрсетілімі өтті. Картина «Қазақфильм» киностудиясының қолдауымен түсірілген.

Фильмдегі оқиға ауылда өрбиді, ол жаққа бір күні ангарға ие болу үшін бұзақылар келеді. Жергілікті учаскелік Саташ өз атағымен мақтанады және халыққа адал қызмет етеді. Төніп келген бұзақылар туралы естіген азамат қауіпке қарамастан, ауылдастарын жауыздардан құтқаруға тырысады.

kazakhfilmstudios.kz
kazakhfilmstudios.kz

«Елімізде вестерннің пайда болуына қажіттінің барлығы бар – жылқылар, жазық дала, қатал жігіттер. Бірақ, өкінішке қарай, бұл жанрда ешкім фильм түсірген жоқ. Сондықтан, маған осы олқылықтың орнын толтыру идеясы келіп, көптен күткен фильмді түсіруді ұйғардым», - деді Төлеген Байтөкенов.

Фильмдегі басты рөлдерді Ақылхан Алмасов, Дина Тасболатова, Шыңғыс Қапин, Ержан Нүсіпақынов сомдады.

Картина түсіріліміне продюсер Шынар Бөрібаева, сценарий авторлары Төлеген Байтөкенов, Андрей Тен және Инна Байтөкенова атсалысты.

kazakhfilmstudios.kz
kazakhfilmstudios.kz

Отандық вестерн 21 күн бойы Алматы облысы, Қапшағай қаласына жақын жерде түсірілді. Режиссер кейбір көріністерді санамағанда, жалпы фильмнің өзіне ұнағанын айта кетті.

Еске салсақ, «Саташ» Варшава кинофестивалінің 1-2 Competition байқауына енді. Таспа отандық айналымға 2018 жылдың 1 қарашасынан бастап шықты.

 

Ыңғайлы көрсетілім кестесін кинотеатрлар афишасынан таңдауға болады.

Превью: kazakhfilmstudios.kz

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер

Линда Нығматулина

Актриса

Геннадий Балаев

Актер