«Саташ» қазақстандық вестерні Warsaw Film Festival байқауына қатысады

«Саташ» қазақстандық кинокартинасы 2018 жылдың 12-21 қазан аралығында өтетін Варшава кинофестивалінің «1-2 Competition» байқауына енді. Таспа режиссері - Төлеген Байтөкенов.
«Саташ» фильмі шалғай ауылдағы учаскелік полицей жайлы баяндайды, ол ауылға төніп кірген бұзақылармен күреске шығады. Картина ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен «Қазақфильм» киностудиясында түсірілді.

Режиссердің айтуынша, фильмнің осындай айтулы кинофестивальде бағалануы өте қуантарлық жағдай. Белгілі болғандай, картина жанрлы және көрермендік қана емес, сонымен қатар фестивальді потенциалға ие. Сондай-ақ, қоюшы фильмнің отандық айналымға қазан айының соңында шығатынын мәлімдеді және ол көрермендердің жылы қабылдауынан үмітті.
Таспа сценарийін Төлеген Байтөкенов, Инна Байтөкенова, Андрей Тен жазды. Жобаны продюсерлеумен Шынар Бөрібаева айналысты. Қоюшы-операторы - Александр Рубанов.
Фильмдегі рөлдерді Ақылхан Алмасов, Дина Тасболатова, Ержан Нүсіпақынов және Шыңғыс Қапин сомдады.

Варшава кинофестивалі 1985 жылы құрылған және Канн, Венеция мен Берлин кинофестивальдерімен бір қатарда тұрады. Warsaw Film Festival мақсаты – көрермендерге кинематографтың әлемдік трендтерін таныстыру, «Оскардың» басты үміткерлерін көрсету, сондай-ақ әлі жұлдыз бола қоймаған режиссерлармен таныстыру.
Еске салсақ, алдыңғы жолы «Саташ» фильмінің постері ұсынылған болатын.
Данил Жегалин
.jpg)







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін