È

Төлеген Байтөкеновтың «Саташ» дебютті фильмінің постері

Төлеген Байтөкеновтың «Саташ» дебютті фильмінің постері

Желіге Төлеген Байтөкеновтың «Саташ» фильмінің постері жарияланды. Кинотаспа вестерн жанрында түсірілген.

«Саташ» картинасындағы оқиға қаладан жырақ орналасқан ауылда өрбиді, ол жаққа белгісіз бір адамдар тобы келеді. Учаскелік полицей Саташ олардың қандай мақсатпен ауылға келгенін білуге тырысады. Кейін, олардың қылмыскер екені және жергілікті тұрғындарға қауіп төніп тұрғаны анықталады.

Вестерн түсірілімі 2017 жылы тамызда басталған. Кинотаспа Алматы облысында түсірілді. Фильмге Ақылхан Алмасов, Шыңғыс Қапин және Дина Тасболатова сынды актерлар түскен.

Фильм сценарийін Төлеген Байтөкенов Инна Байтөкеновамен және Андрей Тенмен бірге жазды. Бастапқыда таспа «Шала қазақ» деп аталған.

Жақында фильм трейлері жарыққа шығады.

2 пікір

Пікір қалдыру үшін

Дания Кузембаева

1 февраля 2018, 14:33

А ведь название «Шала казах» звучало гораздо интереснее.

Даник

2 февраля 2018, 13:17

Заинтриговали... Ждем

Таныс бейне

Құралай Анарбекова

Актриса