È

«Әке» мен «Green Shoes» Чехияда көрсетіледі

«Әке» мен «Green Shoes» Чехияда көрсетіледі

21-і мен 23 қазан аралығында Чехияда, Писекте XVI Халқаралық студеттік фильмдер фестивалі өткізіледі. Фестивальдың негізгі бағдарламасынаотандық режиссепрлердің екі фильмі кірді, олар - Фариза Танаеваның «Әке» және Ольга Коротьконың «Green Shoes» фильмдері.

«Әке» фильмі Түркиядағы Eskisehir Uluslarara­si Kisa Film Festival фестиваліне қатысты, сондай-ақ лентаның бас кейіпкерінің рөліндегі актриса «Байконур» I Республикалық қысқаметражды кино фестивалінде «Үздік актриса» номинацияс бойынша жеңімпаз атанды. Ольга Коротьконың «Green Shoes» 12 Months Film Festival фестивалінде үздік дыбыстық әрлеу марапатын иеленді.

International Festival of Student Films in Pisek 1997 жылдан өткізіле бастады және жас кинемотогграфистер мен түрлі халықаралық киномектептер өкілдерінің тәжірибе алмасу алаңына айналды. Биыл фестивальға әр елден 50 жұмыс қатысады.

Үздік кинокартиналар келесі келесі жүлделермен марапатталады: «Гран-при - The Award of Václav Krška», «Үздік көркем фильм», «Үздік деректі фильм», «Үздік анимациялық фильм», Vladana Terčová Award және Прага ғылыми және технологиялық қоғамының арнайы жүлдесі.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер