È

«Келинка Сабина» Швециядағы кинобайқауда жеңіске жетті

«Келинка Сабина» Швециядағы кинобайқауда жеңіске жетті

«Келинка Сабина» Swedish International Film Festival байқауында «Үздік ойын фильмі» аталымын жеңіп алды. Фестиваль Стокгольмде өтті, мұнда қазақстандық комедияға әлемнің 65 елінен фильмдер бәсекелес болды.

Режиссер әрі продюсер Нұртас Адамбайдың дебюттық жұмысының бұл екінші жүлдесі. Алғаш рет Индонезиядағы халықаралық кинофестивальда гран-при иеленген болатын.

Өзінің Фэйсбук желісіндегі ресми парақшасында Адамбай «Келинка Сабина» фильміне қолдау білдіргендерге алғысын айтты және отандық әзілді шетелдіктер де түсінетінін айтып өтті.естеріңізге сала кетейік, картинаны Желіден көруге болады.

Автор алдағы уақытта «Келинка Сабина 2» және «Побег из аула. Операция «Махаббат» фильмдерін байқауларға қатыстырмақ.

 

Тақырып бойынша:

«Келинка Сабина» ағылшынша сөйледі

«Келинка Сабина 2» алғаш рет ТВ-да

 

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист