È

«Келинка Сабина» ағылшынша сөйледі

«Келинка Сабина» ағылшынша сөйледі

Желіде «Келинка Сабина» комедиясының ағылшын субтитрларымен шыққан нұсқасы пайда болды. Фильмнің режиссеры әрі продюсері Нұртас Адамбайдың айтуынша мұндай нұсқаны шығаруға шетелдерде тұратын отандастырымыздың көптеген өтініші себеп болған. Мұндай сұраныстың болуы да заңды, Бұрын Адамбайдың дебюттық жұмысы Индонезиядағы «International Film Festival for Documentary, Short and Comedy Films» байқауында гран-приді иеленген. Сондай-ақ лента Қытайда, жаңа зеландияда, АҚШ-та, Румынияда өткен кинобайқаулардың бағдарламасына енген.

«Келинка Сабина» ауылдың жігітіне тұрмысқа шыққан қаланың қызы туралы. Сабинаның ауыл өмірініе қалай бейімделгені туралы қызықты оқиғасы қазақстандықтарға ұнағаны соншалық, прокаттың 5 күнінде 112 миллион теңге табыс тапты. картинаның жалпы бюджеті 300 мың доллар. Адамбай мұнымен шектеліп қалған жоқ, араға екі жыл салып, комедияның екінші бөлімін түсірді. «Келинка Сабина-2» рекордтық көрсеткішке зжетіп, 131 миллион теңге пайда түсірді. Екінші эпизод та ағылшын субтитрымен шығуы әбден мүмкін.

 

Әйгерім Қасқыр

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Аян Өтепберген

Актер

Құралай Анарбекова

Актриса