È

«Келін де адам баласы 2» желтоқсанда шығады

«Келін де адам баласы 2» желтоқсанда шығады

2018 жылдың 27 желтоқсанынан бастап отандық айналымға «Келін де адам баласы» комедиясының жалғасы шығады. Постерге қарасақ, фильм көрермендерге нағыз жаңа жылдық көңіл-күй сыйлайтын сияқты.

Картина режиссері қайтадан Асқар Ұзабаев болды. Бас продюсер әрі басты рөлді сомдаушы – Әсел Сәдуақасова.

Картинаның бірінші бөлімі ене мен келіннің арасындағы күрделі қарым-қатынасты және тән мен жанның ауысуын баяндайды. Фильмнің екінші бөлімі де отбасылық тақырыпты қозғайды, бірақ бұл жолы кімнің жан мен тәні ауысатынын көрермендер келесі айда білетін болады.

«Келін де адам баласы 2» фильмінің түсірілімі
«Келін де адам баласы 2» фильмінің түсірілімі

Сондай-ақ, таспадағы рөлдерді Данагүл Темірсұлтанова, Әбунасыр Серіков, Данияр Алшынов және Әмина Малғаждар сомдайды. Актерлік құрамға отандық әншілер Роза Рымбаева және Дильназ Ахмадиева қосылды. Блогер Динара Рахымбаева да кинода дебют жасады.

«Мен жобаға қалай тап болдым? Мені Әсел Сәдуақасова шақырды. Ол жәй ғана хабарласып, ертең менде түсірілім болатынын айтты. Мен актрисадан гөрі әншімін, бірақ дарынды әрі тез үйренетін адаммын. Асқар мен Әселдің фильмдерін өте жақсы көремін. Өткен бөлімдегідей, бұл картинада да әзіл көп болады», - деді Дильназ Ахмадиева Инстаграм арқылы 567 cinema парақшасында.

Еске салсақ, «Келін де адам баласы 2» фильмінің түсірілімі биылғы қыркүйекте өткен болатын.

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

13 қараша 2018, 00:13

надеюсь это будет также тепло и смешно

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер