È

Ким Ки Дук Алматыда фильм түсірмек

Ким Ки Дук Алматыда фильм түсірмек

Белгілі оңтүстік-кореялық режиссер Ким Ки Дук Қазақстанда «Дин» жұмыс атауы бар фильм түсірмек. Таспа продюсері - Ким Ки Дуктың өзі, ал қаржылай қолдау көрсеткен – Astana Film Fund.

Болашақ таспаның сюжеті екі түрлі мінезді кейіпкердің ара-қатынасы туралы баяндайды, біреуі қаталдықпен тәрбиеленсе, екіншісі тәуелсіз болып өскен.

«Барлығына танымал оңтүстік-кореялық режиссер Ким Ки Дук қайтадан Алматыға келді. Оның басты мақсаты – Қазақстанда жаңа фильм түсіру. Фильм Қазақстан мен ТМД айналымы үшін орыс тілінде ұсынылады. Сондай-ақ, фильм халықаралық көрермендерге де қызықты болады деп сенеміз», - деп жазды Ақан Сатаев өзінің Инстаграм парақшасына.

Ақан Сатаевтың жеке Instagram парақшасынан
Ақан Сатаевтың жеке Instagram парақшасынан

Фильм түсірілімі қарашаның басында басталады деп жоспарлануда. Қазір режиссер Алматыда және ұйымдастыру мен актерлік құрамға қатысты мәселелермен айналысып жатыр. Ким Ки Дуктың пікірінше, жақсы киноның басты үш құраушысы – уақыт, кеңістік және адамдар. Уақыт – бұл тарих. Кеңістік – тарих болған жер. Адамдар – бұл біздер, біздің образ бен тағдырлар.

Еске салсақ, алдыңғы жолы Ким Ки Дук Almaty Film Festival-ге келіп, жергілікті табиғатқа тамсанып кеткен болатын. Оның қоржынында келесі картиналар бар: «Адам, орын, уақыт және тағы да адам», «Құдай кім?», «Көктем, жаз, күз, қыс... және қайтадан көктем», «Мебиус», «Самаритян қыз».

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист