Ашық аспан астындағы кино
30 шілдеде Шымбұлақ демалыс орнында кинокеш өтеді. Ұйымдастырушысы Shymbulak Ski Resort және ASSORTI мен CHALET мейрамханалар желісі.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, таудағы кинотүн демалысты жақсы өткізудің бір тұрі, өйткені қонақтар таза ауада сүйікті фильмдерін тамашалай алады. Сондай-ақ қатысушылар үшін түрлі қызықты, зияткерлік ойындар, викториналар ұйымдастырылады.

Алғашқы көрсетілім 17 шілдеге жоспарланған еді. бірақ ауа райының қолайсыздығына байланысты кейінге шегерілді. Киносүйер қауымға арналған кеш апта сайын өткізіліп тұрады деп үміттенеді ұйымдастырушылар. Айта кетейік, бір ай бойы алматылықтар алғашқы көрсетілетін фильмге дауыс берген болатын. Нәтижесінде кинокеш «1+1» кинолентасына арналады.
Көрсетілім сағат 19:00-де. Кіру тегін.







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін