È

«Бастау» кинофестивалі өтініштерді қабылдайды

«Бастау» кинофестивалі өтініштерді қабылдайды

Биылғы 5-8 қараша аралығында Алматыда VII «Бастау» Халықаралық студенттік фильмдер мен киномектептер кинофестивалі өтеді. Қатысуға бағытталған өтініштерді қабылдау ашық деп жарияланды және 25-қазанға дейін жалғасады.

Байқауға Еуропа, Азия және Америка елдерінің 2017-2018 жылдары көркем-суретті, деректі және анимациялық кино бағыттарында түсірілген дебютті және студенттік қысқаметражды картиналары қатыса алады. Анимациядан басқа, жұмыстардың хронометражы 7-ден 40 минутқа дейін болуы тиіс.

Фестиваль барысында Еуропа, Азия және Америка елдерінің киноқайраткерлері шеберлік сағаттарын өткізеді. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар халықаралық серіктес жайлы талқылайтын дөңгелек үстел өткізеді.

Өтініштерді http://bastauiff.kz/ сайтында толтыру қажет.

Еске салсақ, 2016 жылы бас жүлде Ресейден келген режиссер Георгий Поротовқа «Семья offline» фильмі үшін берілген болатын.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер