Kinopark Theatres еліміздегі алғашқы лазерлі кинотеатрын ашты
Kinopark Theatres желісі заманауи кинематографтың жаңалықтарын ұсыну құралдарының сапасын жақсартып, күннен-күнге дамып келеді. Өткен демалыста MOSKVA Metropolitan ОСО-да Қазақстан аумағындағы алғашқы лазерлі кинотеатрдың ашылуы болды.
Көрермендер NEC лазерлі жобасы арқылы одан әрі жақсара түскен картиналардың сапасын бағалай алады. Жаңа буынның құралын экологиялық дүние деп айтуға болады. Сонымен қатар, кинотеатрда ыңғайлы интерьер мен арнайы жабдықтармен көркемделген балалар залы орналасқан. Бұдан өзге, әр залда мүгедектерге арналған арнайы орындар бар.
Кинотеатр интерьері қара және алтын түстермен көркемделіп, арт-деко стилінде жасалған. Қабырғаларда ескі афишалардың бейнесінде жасалған плакаттар ілініп тұр. Оларда Фархат Әбдірайымов, Максим Акбаров, Тәуекел Мүсілім, Әсел Сәдуақасова және т.б. отандық актерлар бейнеленген.
Болашақта Kinopark мұндай залдарды еліміздің басқа да қалаларында ашуды жоспарлап отыр.
Суреттерді Kinopark Theatres желісі ұсынды
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін