È

«Жаңа бақытпен!» комедиясы «Ессіз тойға» айналуы мүмкін

«Жаңа бақытпен!» комедиясы «Ессіз тойға» айналуы мүмкін

Осы көктемде Қанағат Мұстафин және Айдын Самаханның «Жаңа бақытпен!» атты бірігіп түсірген картиналары экранға шығады. Қанағат Мұстафин фильм мен тұсаукесер жайында «Бродвейге» толығырақ айтып берді.

Картинада жергілікті «333» телеарнасының режиссерінің көмекшісі болып жұмыс істейтін Мақсат туралы баяндалады. Наурыз мерекесі қарсаңында туған қарындасының «Қыз ұзату» тойы болуы тиіс. Мақсат жұмысқа барар жолда мейрамхананың шығынын өтеуге арналған ақша толы сөмкесін жоғалтып алады. Осы сәттен бастап кейіпкердің шытырманға толы хикаялары басталады.

«Жаңа бақытпен!» - бұл әзірге фильмнің уақытша атауы. Атауын «Ессіз тойға» өзгертетін шығармыз. Қазір бұл сұрақты продюсерлермен бірге шешуге тырысудамыз. Картинаны осы жылдың 16 наурызында жарыққа шығаруды жоспарлап отырмыз. Негізгі сценарист – дарынды Әлішер Өтев. Екеуіміз алғаш рет бірге жұмыс істеп отырмыз. Сценарийі бірнеше рет өзгертілді. Ақыры, бесінші нұсқаға тоқтадық. Жұмысымызға риза болдық: туындымыз барлық отбасыға арналған комедия болып шықты», - деп бөлісті Қанағат Мұстафин.

«Жаңа бақытпен!» фильмінің түсірілімінен сурет

Режиссер жас актерлар Шәріп Серікпен және Айым Сейтметовамен бірге алғаш рет жұмыс істеп отыр. Оның айтуынша, балалар образға жылдам еніп, 100% еңбек еткен.

«Фильмде Айқын Төлепберген, Қайрат Нұртас және Салтанат Бақаеваның орындауындағы музыкалық шығармалар шырқалады. Кадрда Шәріп Серіктің кейіпкері де ән салады. Ол «Қарындасым» атты әнді орындайды»,- деп қосты Қанағат.

Картина Алматы мен Астанада түсірілді. Негізгі түсірілім Grand Park ойын-сауық сауда орталығында құрылған арнайы павильондарда өтті.

 

Суреттер Қанағат Мұстафиннің жеке Instagram парақшасынан алынды

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Baubek Nogerbek

19 февраля 2018, 02:46

Исправьте пожалуйста ошибку, сорежиссера зовут Айдын Сахаман, а не Самахан.

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер

Венера Нығматулина

Актриса